ЖАМАНЗАҢҒАР– Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Суықбет қыратының оңт.-шығысындағы төбе. Абсолютiк биіктігі 128 м. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Ортаңғы және жоғ. төрттік кезеңнің жыныстарынан түзілген. Төбенің солт. аумағында Қамысты, Ақшұқыр, Шұқырқазған, Қосшын, Ілесбай құдықтары орналасқан. Тақыр тәрізді топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, теріскен, жүзгін, сексеуіл өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Жаманзаңғар · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.