ЖАМАН ҚАНДЫАДЫР– Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шыбынды а-нан шығысқа қарай 10 км жердегі шоқы. Солт-ке 5 км, батыстан шығысқа қарай 2 – 3 км-ге созылған. Ең биік жері 593 м. Девон жыныстарынан түзілген. Беткейі негізінен көлбеу, шығысында тіктеу. Қызғылт қоңыр, сортаң топырағында дала өсімдіктері өседі. Шығыс және оңт. жағында бұлақтар көп. Беткейінің баурайы егістікке пайдаланылады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Жаман қандыадыр · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.