Жалтау – Ұлытау тауының батысындағы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ақтас ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км жерде орналасқан.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 542 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 6 км-ге созылған, енді жері 2–3 км шамасында. Оңтүстігінен Дулығалы өзені, солтүстігінен Ащылы өзендері ағып өтеді. Архей мен протерозойдың тақтатас, кварцит, кварцитті парфириттері мен туфтарынан түзілген. Төменгі палеозойдың эффузивті тұнба жыныстары да кездеседі. Таудың етегінен бұлақтар бастау алады.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында изен, қарағаш, жусан, бидайық, боз, сораң өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары