Жалтыркөл – Жайық алабындағы көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы жерінде. Жайық аңғарының оң жағында, теңіз деңгейінен 0,4 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 20,6 км2, ұзындығы 7,4 км, енді жері 3,3 км. Жауын-шашын және Жайық суымен толысады. Көлге Жайықтың тармағы Көшім өзені құяды.
Жағалау сипаты Жағасы жайпақ, оңтүстік жағы тіктеу. Суы тұзды. Көктемде мал ішуге жарамды. Алабы – жайылым.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Жаңақала ауданы көлдері Санат:Жайық су алабы өңірі