Жақсы Арғанаты – Тарбағатай жотасының солтүстік бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы жерінде, Жалаңаш және Тымырсық өзендері аралығында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 15-18 км-ге созылған, ені 12 км, абсолюттік биіктігі 1608 м.
Геологиялық құрылымы, жер бедері Тақтатас, әктас, гнейс жыныстарынан түзілген. Солтүстік беткейі көлбеу, аңғарлармен тілімденген, оңтүстігі құлама.
Өсмдігі Беткейлері мен шатқалдарында қайың, көктерек, таудың қара топырағында бетеге, селеу өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы таулары