Жақсы Жаркөл – Тоғызақ алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Фёдоров ауданы жерінде орналасқан. Тоғызақ аңғарының оң жағында, теңіз деңгейінен 174 м жоғары орналасқан.
Гидрографикасы, жағалау сипаты Аумағы 13,5 км2, ұзындығы 4,5 км, енді жері 4 км, жағалау бойының ұзындығы 14 км. Негізінен жауын-шашын суымен толысады. Жағасы жайпақ, батпақты. Қараша – сәуір айлары аралығында суы қатады. Суы тұщы. Жайылым суландырылады, мал шаруашылығына пайдаланылады. Алабы – шалғынды шабындық.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Фёдоров ауданы көлдері