Жаға – Атырау облысы Қызылқоға ауданында орналасқан қыстау. Ойыл өзенінің сол жағалауында, Миялы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км жерде. Оңтүстік-батысында Тайсойған құмымен шектесіп жатыр. Қыстаудан оңтүстік-батыс бағытта Жарыпшыққан өзені ағып өтеді. Маңайында Қолқақұдық, Балабейіт, Құрманғазы, Еспекөл, Ақши, т.б. қыстаулар орналасқан. Жаға Ойыл өзенінің жақын орналасуына байланысты қолайлы жайылым.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қыстаулар Санат:Атырау облысы қыстаулары Санат:Қызылқоға ауданы географиясы