Жаздыбай – Жақсы Қарғалы өзенінің оң саласы. Елек өзенінің алабында.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км.

Бастауы Жездібай (Березовка) ауылының шығысындағы Шаншар қыстауы маңындағы бұлақтардан бастау алып, Петропавловка ауылының тұсында Жақсы Қарғалы өзеніне құяды.

Гидрологиясы Жоғарғы ағысының жағалауы тік жарлы, орта және төменгі бөлігі жайпақ. Қар және жер асты суларымен толығады. Мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарғалы ауданы өзендері