Монодрама

Монодрама (грекше monos – бір, жалғыз және драма) – бір актер орындайтын біртұтас драмалық шығарма. Ең алғашқы Монодрамаларға бір актер костюм мен маскаларды ауыстырып ойнап, әр түрлі кейіпкерлерді бейнелейтін Эсхилге дейінгі трагедиялар (Феспид, Фриних) жатады. Сонымен бірге Монодрама деп бір кейіпкердің монологі ретінде құрылатын пьесаны атайды (мысалы, А.П. Чеховтың “Темекінің залалы туралы”).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.

Дереккөздер

Толықтыру

Санат:Терминология