thumb|right|200px|I Меңлі Герей (ортасында) ұлы әрі мұрагері Мехмет Гереймен (сол жақта) және Османлы сұлтан II Баязитпен (оң жақта) бірге I Меңлі Герей (; 1445 – 1515) – Герей әулетінен шыққан Қырым ханы (1467, 1469—1475, 1478—1515). Қырым хандығын құрған Қажы Герейдің алтыншы ұлы.
Өмірбаяны Меңлі Герейдің жастық шағы туралы деректің жоқтың қасы, бірақ оның генуялық Кефе колония-қаласында тәрбиеленгені туралы болжамдар бар. Оның генуя диалектісін білгені, поэзия мен тарихқа қызығушылығы белгіліО. Гайворонский. Екі құрлықтың билеушілері, 1-том, Киев-Бақшасарай, 2007 ж., 40 б..
Билік үшін күрес Қырым хандығының негізін салған Қажы Герей қайтыс болардан бұрын ордада бүлік тудырып, хандық тақты тартып алмақшы болды деген айыппен үлкен ұлы Хайдарды хан болу құқығынан айырады. Қажы Керей қайтыс болғанда тақ мұрагерлігі оның екінші ұлы Нұр Дәулетке бұйырды.
1466 жылы Меңлі Герей хандықты тартып алды. Бірақ бірнеше айдан кейін Нұрдәулетті жақтайтын ақсүйектердің қарсылығымен тақтан түсті.
1468 жылы Меңлі Керей Қырымдағы Судак қаласындағы Генуэз бекетінің тұрғындарының көмегімен екінші рет Нұр Дәулетті тақтан түсіріп, ел билігін қолға алды. Бірақ 1475 жылы Нұр Дәулетті жақтайтындар оны тағы да тақтан түсірді және сол жылы ол Түрік әскеріне қолға түсіп, үш жылдан кейін түрік сұлтанның жарлығымен Қырымға оралып, хандық таққа жайғасты.
Меңлі Герей тұсында Қырым хандығы Алтын Ордадан біржола бөлініп шықты, бірақ 1475 жылдан Осман сұлтандығына вассалдық тәуелділікке түсті. Алтын Ордаға қарсы күресте Меңлі Керей өкіметінің нығаюына Мәскеумен одақтастықтың септігі тиді. Иван ІІІ Алтын Ордаға бағыныштылықтан құтылу үшін қырымдықтарды пайдаланды. Меңлі Керей Польша-Литва мемлекетіне шапқыншылықты жиілетіп, Казимир VІ-нің Руське 1480 жылы жорық жасауына мүмкіндік бермеді. 1502 жылы Меңлі Керей Шейх Ахмед тұсында Алтын Орданы біржола талқандады және Қырым хандығын Алтын орданың заңды мұрагері деп жариялады. Сол жылы Польшамен соғыс жүргізілді, Түркияның Молдавияға қарсы соғысына қатысты. Меңлі Герей өмірінің соңғы кезінде оның балалары орыс жерлеріне бірнеше тонаушылық жорықтар жасады.
Меңлі Герей өз әкесі секілді Бақшасарайда жерленген.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Қырым хандарының тізімі Қырым хандығы
Санат:Қырым хандары Санат:Қырым хандығы