Сабыр Әбдірәсілұлы Мәмбеев (1.5.1928 жыл, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Абайбазар ауылы) — кескіндемеші, Қазақстанның еңбең сіңірген өнер қайраткері (1963), Қазақстан халық суретшісі (1979).
Өмірбаяны Алматы көркемсурет училищесін (1946) Санкт-Петербургтегі Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (А.Ефимов пен А.И. Авилов шеберханасынан) бітірді (1953). 1956-1962, 1968-1982 жылдары және 1998 жылы Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. 2017 жылдың 1 тамызында Алматы облысында қайтыс болды
Шығармалары Мәмбеев өзінің шығармаларында ауыл өмірін, оның сұлу табиғатын өзгеше қырынан бейнелейді. Ол әр жылдары “Сұхбат” (1954) “Қара кимоно” (1956), “М.О. Әуезов” (1957) “Тауда” (1957, Мәскеудегі Шығыс халықтары мұражайы) “Киіз үйде” (1958, Мәскеу, Третьяков галереясы) “Қоныс аудару” (1959) “Менің қаламда” (1960) “Терезе алдындағы қыз” (1961) “Көктем” (1965) “Жастар” (1968), тағыда басқа суреттер, пейзаждар мен портреттер жазған. Оның шығармалары, негізінен, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда сақтаулы. Марапаттары 1959 ж. - “Құрмет” орденімен марапатталғанҚазақ ЭнциклопедиясыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 1963 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы берілді 1978 ж. – Халықтар достығы ордені 1980 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен «Қазақ КСР-нің халық әртісі» құрметті атағы берілді 1985 ж. – «Еңбек ардагері» медалі 1985 жылы – Еңбек Қызыл Туы ордені 1988 жылы – Еңбек Қызыл Туы ордені 1996 жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақ кескіндемесін дамытуға сіңірген ерекше еңбегі және өнерге сіңірген еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.
Дереккөздер
Санат:Сарыағаш ауданында туғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Қазақстан халық суретшілері