Басыңкы белгі (рецессивный признак) - ата-енесінде бар балама жұп белгінің біреуінің бірінші ұрпақта көрінбей, жасырын қалғаны. Мысалы, тегі таза биязы жүнді ақ қошқар мен қазақы қойдың қара саулықтарын шағылыстырғанда туған қозылар ақ түсті болады. Міне, осында көрінбей, жасырын қалған қара түс - б.б.-ге жатады. Б.б. басқаратын ген (нәсілдік қасиет) түбегейлі жоғалмайды, ол да сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі, тек ол басқарған белгі қажетті жағдай тумай, көріністе пайда болмайды. Дереккөздер < Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6 Мал шаруашылығы:
>