Линчевский кемпіршөбі (Acantholimon linczevskii) Кермек тұқымдасы — Қазақстанда өте сирек кездесетің, эндемиктік түр. Сырдария Қаратауының орталық бөлігінде жоғары және ортанғы тау белдеулерінің тасты шыңдарында кездеседі. Бірегей аласа бұта (биіктігі 10 см шамасында), сұр жасыл жалпақ жастық түзеді. Әсіресе гүлдеу кезінде қарама-қарсы түсті ақшыл тостағаншалармен және қызғылт гүл тәжімен өте тартымды. Түр өткен жылдардағы малды шектен тыс жаю салдарынан зардап шекті. Қазіргі кезде популяциясының біразы Қаратау қорығында қорғалады. Мәдени өсірілу табиғаттағы сияқты зерттелмеген. Дереккөздер ISBN 9965-24-750-1 ↑Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы Санат:Қорғасыншөптер Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Линчевский кемпіршөбі · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.