Луизиана (; ) — АҚШ-тың оңтүстігінде орналасқан штат. Луизиананың астанасы - Батон-Руж қаласы болса, штаттағы ең үлкен қаласы Жаңа Орлеан. Жер көлемі- 135 382 км². Халық саны- 4 601 893 (2012 жыл). Луизиана батысында Техаспен, солтүстігінде Арканзаспен, шығысында Миссисипи штатымен және оңтүстігінде Мексика шығанағымен шектеседі.

Экономика Луизиана - индустриалды-аграрлық штат. Луизиана Құрама Штаттарда өндірілетін мұнай мен табиғи газдың көп бөлігін қамтамасыз етеді. Мұнай өңдеу, химия, алюминий, мұнай-химия өнеркәсібі дамыған.

Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімнің жартысы егіншіліктен келеді. Негізгі дақылдар: күріш, мақта, қант қамысы. Ірі қара, шошқа өсіріледі.

Дереккөздер

Санат:АҚШ штаттары