Ұсату — кенді байыту алдында онын ірі кесектерін белгілі мөлшерге дейін (сепкілдігіне байланысты) ұсату үшін жүргізіледі. Егер кен ұсақ сепкілді болса, тиісінше ұнтақтау алдында ұсату 8— 10 мм-ге дейін жеткізіледі. Ірілігіне қарай ірілеп ұсату, орташа ұсату және ұсақ ұсату сатыларына бөлінеді. Ұсату арнаулы аппараттарда — ұсатқыштарда соғу, жару және жаншу жолдарымен жүргізіледі. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 . Жарылғыш заттың ұсақтағыш қасиеті Жарылыс кезінде қоршаған тау жынысының белгілі бір көлемін керекті мөлшерде ұсақтау. Жарылғыш заттың ұсақтау қасиеті: онымен шектесіп жатқан жыныстың шағын көлемін ұсақтауына; аса көлемді жынысты ұсақтауына қарай бөлінеді.

Ұсатқыш денелер Кенді ұнтақтау үшін диірмен ішіне шарлар және біліктер салынады. Кен өзін-өзі ұнтақтайтын диірменде үлкен кесектер кішілерін ұнтақтайды. Дереккөздер

Санат: Физика Санат: Терминология Санат: Металлургия Санат: Тау-кен ісі Санат: Химия