Ұзақбай Қараманұлы Қараманов (20 тамыз 1937 жыл, Қызылорда облысы — 25 қыркүйек 2017 жыл, Алматы) — қазақстандық және кеңестік мемлекеттік қайраткер, саясаткер, инженер және академик. 1990–1991 жылдары Қазақ КСР тұңғыш әрі соңғы Премьер-Министрі, оған дейін 1989 жылдан бері Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің соңғы төрағасы болды. 1994–1999 жылдары Құрылысшылар одағының Президенті болды.

Өмірбаяны Әлімұлы тайпасының Шекті руының Үсен бөлімінен шыққан. 1959 жылы Куйбышев (Самара) қаласындағы инженерлік құрылыс институтын бітірген. 1959–1964 жылдары Шұбарқұдық автобазасында прораб, «Қызылорда құрылыс» тресінде инженер, басқарма бастығы 1964–1980 жылдары «Алматы өнеркәсіп құрылысы» тресінде аға прораб, комбинат директоры, Қазақстан Компартиясы ОК-нің іс басқармасының қызметкері, Жеңіл және тамақ кәсіпорындары құрылысы басқармасының бастығы, Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп министрлігінің Алматы құрылыс Бас басқармасының және Құрылыс индустриясы Бас басқармасының бастығы 1980–1984 жылдары Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрлігінің орынбасары, «Қазақтың су тасқындарынан қорғану құрылысы» Бас басқармасының бастығы 1984–1989 жылдары Қазақ КСР құрылыс министрлігінің 1-орынбасары, Қазақ КСР мемлекеттік жабдықтау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1989–1990 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы 1990–1992 жылдары Қазақ КСР премьер-министрі болды. 1991 жылғы қазаннан — ҚР мемлекеттік кеңесшісі. 1993 жылғы сәуірден — Аралды құтқару Халықаралық қорының атқарушы директоры. 1994 жылғы наурыздан — депутат, ҚР Жоғарғы Кеңесі Табиғатты пайдалану және экология комитетінің төрағасы, «Қазақстан халықтық конгресі» партиясынан ұсынылған. 1995 жылғы сәуірден — «Қазконтракт» республикалық келісімшарт корпорациясының вице-президенті. 1998 жылғы сәуірден — «Қомақ-Инвест» қаржылай-кәсіпшілік тобының президенті. Бір уақытта, 1998 жылдан - ҚР Құрылысшылар одағының президенті. 1999 жылғы қазаннан — ҚР Парламенті Мәжілісі 2-шақырылымының депутаты (№37 Қызылорда облысының Аралмаңы сайлау округінен, «Отан» РСП атынан). Аймақтық дамыту және экономикалық қайта құру комитетінің мүшесі. 2004 жылғы қазаннан 2007 жылға дейін — ҚР Парламенті Мәжілісі 3-шақырылымының депутаты. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 11, 12, 13-шақырылымдарының депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қызылорда, Гурьев және Талдықорған облыстарынан ұсынылған. КОКП ОК (1990-1991), Қазақстан Компартиясы Саяси бюросының (1990-1991), ҚазКСР Президенттік кеңесінің (1990) мүшесі. Қазақстан Құрылысшылар одағының негізін салушы.

Марапаттары Қараманов II дәрежелі Барыс орденімен; Қызыл Ту ордендерімен; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің медальдарымен; ҚР мерейтой медальдарымен; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен; КСРО Министрлер кеңесі сыйлығымен; Еуропа қоршаған ортаны қорғау облыстық «Алтын глобус» сыйлығымен; Қызылорда облысының Құрметті азаматтығымен марапатталған.

Шендері, әскери атақтары Әскери атағы — отставкадағы полковник.

Отбасы Қараманов үйленген болатын. Жұбайы — Раметоллақызы Ұлдай (1937 жылы туған). Ұлдары: Асқар (1961 жылы туған), Нұрлан (1965 жылы туған), Дәулет (1970 жылы туған) Қарамановтар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстан премьер-министрлері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 13-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің II шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің III шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:Барыс орденінің иегерлері Санат:Қызылорда облысының құрметті азаматтары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының иегерлері Санат:Самара инженерлік құрылыс институты түлектері Санат:Қазақ КСР округтарынан сайланған КСРО халық депутаттары