Қазан Жылнамасы, Қазан патшалығы жайындағы тарих – 16 ғасырдан қалған тарихи жазба дерек. Қазан хандығының құрылуынан бастап, 1552 жылы ресейге қосылғанға дейінгі тарихы баяндалған. Кітапты 1564 – 66 жылдары есімі беймәлім Ресейлік автор жазған. Өзі Қазан татарларының қолында 20 жыл тұтқында болған автор “Қазан Жылнамасын” жазуда татар аңыздарын, жазба деректерін кең пайдаланған, көрген-білген әсерін баяндаған. “Қазан Жылнамасы” – Қазақ мемлекетінің тарихы үшін де мәні зор тарихи дерек. “Қазан Жылнамасының” бірнеше көшірмесі сақталған.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер