Смағұл Көшекбаев (23 желтоқсан 1904, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы – 18 сәуір, 1945, Германия, Торн қаласы) – жауынгер-композитор, домбырашы, КСРО композиторлар одағының мүшесі (1938).
Өмірбаяны Көшекбаев 12 – 13 жасында күй тартумен әуестеніп, Мұхиттың әндерін айта бастайды. Қазан төңкерісінен кейін ауыл мектебінде мұғалім болады. Қызылордадағы арнаулы мұғалімдер курсында оқыды (1932). 1936 жылы Алматыда өткен көркемөнерпаздар байқауында жүлделі орын алып, Қазақ филармониясына домбырашылық қызметке қалдырылды. Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясының композиторлық курсын бітірді (1940). 1939 жылы Шымкент қорғасын зауытында еңбек еткеді. 1941 жылы Ащысайда халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. 1942 жылы 10-атқыштар бригадасының құрамында майданға аттанды. Германияның Торн қ. түбіндегі ұрыста қаза тапқан.
Шығармалары “Ботагөз” “Жаз” “Май гүлі” “Біздің ән” “Дауыл” “Сағыныш” “Бригада жыры” “Біз келеміз”, т.б. ән-романстардың авторы. Нотаға түсірген күйлері Құрманғазының “Ертең кетем” “Лаушкен” “Повестка” күйлерін Е.Г. Брусиловскийге нотаға түсіртті. Марапаттары Қызыл Ту ордені. Қызыл Жұлдыз ордені. 2-дәрежелі Отан соғысы ордені.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 Есте қалдыру thumb|right|200px|Көшекбаев атындағы мәдениет үйі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылындағы мәдениет үйіне есімі берілген.Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі
Дереккөздер
Санат:23 желтоқсанда туғандар Санат:1904 жылы туғандар Санат:Құрманғазы ауданында туғандар Санат:18 сәуірде қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Торнде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Домбырашылар Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:КСРО сазгерлері