нобай|1962 Ручьёв Александр Александрович(13.3.1899, Псков – 29.4.1970, Мәскеу) – композитор.

1929 - Санкт-Петербург консерваториясын бітірген. 1932 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1940 жылға дейін Алматыда тұрды.

М. Әуезовтің либреттосы бойынша “Бекет” операсын, жеке дауыс пен фортепьяноға арнап әндер (“Ахау, бикем, жар-жар”, “Секіртпелі семсем”, “Жиырма бес”, т.б.) жазды, қазақтың халық әндерін хорға лайықтап нотаға түсірді. 4 бөлімді “Жаңарған Қазақстан” атты симфонияның авторы. 1942 – 44 жылы Таулы Алтай облысы ұлттық театрының музыкалық бөлімін басқарды. 1944 жылдан ғұмырының соңына дейін Мәскеуде тұрған. 1935 “Жиль Блаз”, 1946“Василий Темный”, 1954“Капитан Гастелло” т.б. опералары бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:13 наурызда туғандар Санат:1899 жылы туғандар Санат:Псковта туғандар Санат:29 сәуірде қайтыс болғандар Санат:1970 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербург консерваториясы түлектері Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Ресей сазгерлері