Бұрама - 1. қозғалысты түрлендіруге арналған аспаптар немесе бұрамды тетіктердің цилиндр пішіндес бұрама беті бар бөлшегі; 2. ұшында бұрап бекітуге арналған оймасы бар, ал бас жағынан бастиек шығарылған немесе онсыз да болатын цилиндр түріндегі бұрап бекіткіш бөлшек.
Ауа бұрамасы Ауа бұрамасы - білікте бекітілген, күпшекті екі немесе бірнеше қалақшалары бар ауа қозғалтқышы. Ескіш бұрама Ескіш бұрама - ескіш білікте бекітілген, күпшекті екі немесе бірнеше қалақшалары бар суда қозғалуға арналған қозғалтқыш. Бекіткіш бұрама Бекіткіш бұрама - тораптың немесе тетіктің бұрандалы тесігіне бұралатын және тетіктерді қосу үшін арналған бұрама. Микрометрлық бұрама Микрометрлық бұрама - жоғары дәлдікті ұсақ бұрандасы бар микрометр бұрамасы. Бос жүріс жүйесінің реттелгіш бұрамасы Бос жүріс жүйесінің реттелгіш бұрамасы -іштен жанатын қозғауыш бос жүріс режимінде жұмыс істеген кезіндегі қарбюраторға түсетін жанармайдың көлемін реттейтін бұрама. Рулдік механизмнің бұрамасы Рулдік механизмнің бұрамасы - рулдік механизм білігінің төменгі бөлігінде орналасқан бұрама; бұрама – сомын берілісінің бір бөлігі ретінде қолданылады.Қазақ энцклопедиясы II том
Дереккөздер
Санат:Аспаптар Санат:Көлік бөлшектері