Тимбалэнд (, шын аты: Тимоти Закари Мосли (); 10 наурыз 1972 жыл, Норфолк, Виргиния, АҚШ) – американдық рэппер, музыкалық продюссер, аранжировка жасаушы және әндердің авторы. Mosley Music Group лейблінің негізін қалаушы, екі рет «Грэмми» сыйлығына ие болған.
Мансабын 1990 жылдары бастаған Тимбаленд досы Магумен бірге дуэт құрып ән айтқан. Сонымен қатар өзінің мектеп кезіндегі құрбысы Мисси Элиотқа әндер жазып, композицияларына аранжировка жасаған. 2006 жылдарға қарай ол үлкен дәрежелерге жеткен. 2007 жылы шыққан Тимбалендтің «Timbaland Presents: Shock Value» адьбомы көптеген елдерде платиналы болып, АҚШ-тың өзінде миллиондаған данасы сатылады. Көптеген әншілер Тимбалендпен жұмыс істейді, себебі оның жасап шығарған туындылары үлкен жетістіктерге жететіні сөзсіз.
Дискография
Альбомдар 1998 Tim's Bio: Life from da Bassment 2007 Shock Value 2009 Shock Value II
Соло синглдер «Here We Come» Magoo, Мисси Элиот және Darryl Pearson-мен «Lobster & Shrimp» Jay-Zмен «Give It To Me» Джастин Тимберлейк және Нелли Фуртадомен «Throw It On Me» The Hivesпен «The Way I Are» Кери Хилсон, D.O.E. және Sebastianмен «Apologize» OneRepublicпен «Scream» Кери Хилсон және Николь Шерзингермен «Release» Джастин Тимберлейкпен «Pass at me» Pitbull және Дэвид Геттамен «If we ever meet again» Кэти Перримен «All Night Long» Деми Ловатомен «Morning After Dark» Нелли Фуртадо және Soshy-мен
Қызметтес шығармалар 1997: Welcome to Our World (Magooмен) 2001: Indecent Proposal (Magooмен) 2003: Under Construction, Part I (Magooмен)
Дереккөздер
Санат:Бас-баритондар Санат:АҚШ рэперлері Санат:АҚШ музыкалық продюссерлері Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Interscope Records орындаушылары