Гаэль Гарсиа Берналь (, 30 қараша 1978 жыл) – мексикан актері.
Кішкентайынан театр сахналарында, телехикаяларда ойнай бастаған. «Amores Perros» және «Y tu mamá tambien» фильмдеріндегі рөлдері үшін бірнеше сыйлықтарға ие болған. Берналь ағылшын, португал, француз, итальян тілдерінде еркін сөйлейді. Сондықтан да болар оны АҚШ, Латын Америкасы және Еуропа фильмдерінен жиі көруге болады. 2005 жылы өзінің досы, актер Диего Лунамен және продюсер Пабло Крусомен бірге «Канано фильмс» продюссерлік фирмасын құрған.
Фильмдері: «Жеке өмір» (2001), «Че Гевара: Байкер күнделігі» (2002), «Вавилон» (2006), «Мықты сезімтал» (2008), «Джульеттаға хат» (2010), «Бастысы – қорықпа!» (2011), т.б.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Гаэль Гарсиа Берналь