Чжоу Сунь – Қытай актрисасы, әнші.
Чжан Цзыи, Чжао Вэй және Су Цзынлэй сынды әйгілі актрисалармен бірге Қытайдың қазіргі заманғы 4 таңдаулы актрисалар қатарында. 1974 жылы 18 қазанда Қытайдың Цюйчжоу деген жерінде дүниеге келген. Әкесі киномеханик, анасы әмбебап дүкеннің сатушысы болған. Ата-анасының қарсы болып, университет бітіргенін қаласа да, ол Чжэцзян өнер институтына түскен.
Актрисалық өнерінен тыс бірнеше фильмдерге саундтрек жазған. Сонымен қатар «Summer» (2003) және «Come Across» (2005) альбомдарын шығарған.
Дереккөздер