Ромен Гари (, шын аты-жөні Роман Кацев — Myriam Anissimov. Romain Gary, le Caméléon. Paris: Les éditions Folio Gallimard, 2004. ISBN 978-2-207-24835-5; 21 мамыр, 1914, Вильнюс, Ресей империясы — 2 желтоқсан, 1980, Париж, Франция) – еврей тегінен шыққан француз жазушысы, кинорежиссёр, елші.

Екі рет Гонкур сыйлығын иеленген (1956, 1975, Эмиль Ажар атындағы). 1945 жылы тұңғыш новелласы жарық көреді. Роменнің Вильнюс қаласында тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылған. «Таңсәрідегі уәде» деп аталатын автобиографиялық романында анасы екеуінің арасындағы қарым-қатынасы жазылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияға келіп, елшілік қызметін атқарады.

Кітаптары Еуропалық тәрбие / Education européenne (1945, орысша аудармасы 2004) Қызғалдақ / Tulipe (1946, орысша аудармасы 2004) Аспанның тамырлары / Les racines du ciel (1956, орысша аудармасы 1999) (Гонкуров сыйлығы) Таңсәрідегі уәде / La promesse de l’aube (1960, орысша аудармасы 1993) Джонни Кёр / Johnie Coeur (1961) Л. ханым / Lady L. (1963, орысша аудармасы 1993) Шаңғы дүрлікпесі / The ski bum (1965) Сганарель үшін / Pour Sganarelle (1965) (эссе) Жұлдық жалмаушылар / Les mangeurs d’étoiles (1966, орысша аудармасы 1999) Қош бол, Гари Купер! / Adieu Gary Cooper (1969, орысша аудармасы 2002) Ақ ит / Chien blanc (1970, орысша аудармасы1998) Қызыл теңіздің қазыналары/ Les trésors de la Mer Rouge (1971) Еуропа / Europa (1972, орысша аудармасы 2004).

Дереккөздер

Санат:Франция жазушылары Санат:Франция кинорежиссёрлері