Вячеслав Алиевич Белялов (22.1.1936, Алматы - 4.10.2004) - кинооператор, кинорежиссер.

Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1966).

"Қазақфильм" киностудиясында 30-дан астам деректі және ғылыми көпшілік фильмдер түсірді. Қазақстан флорасы мен фаунасы туралы ғылыми көпшілік киноның дамуына үлес қосты.

Үздік операторлық шешімі үшін Беляловтың фильмдері әр түрлі сыйлықтарға ие болды ("Ақсу-Жабағылы",1976; КСРО ХШЖК-нің қола медалі, 1977; "Ғажайып орман", 1978, Бакуде өткен Бүкілодақтық 8-телефильмдер фестивалінің сыйлығы, 1978; "Мүйізтұмсыққа арналған үй", 1981, Воронеж қаласында өткен табиғат туралы фильмдердің Бүкілодақтық 1-фестивалінің 1-сыйлығы, (1982). Қазақстан Мейлекеттік сыйлығының иегері (1983).

Беляловтің фильмдері шешімдерінің соңылығымен, тақырыбының өзектілігімен құнды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:22 қаңтарда туғандар Санат:1936 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:4 қазанда қайтыс болғандар Санат:2004 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан кинооператорлары Санат:Қазақстан кинорежиссёрлері Санат:Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты түлектері Санат:Қазақфильм режиссерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі қола медалінің иегерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері