Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты – авиация мамандарын даярлайтын әскери жоғары оқу орны. 1974 ж. ашылған. Инженер-ұшқыш, инженер-психолог, жалпы инженер, т.б. мамандықтар бойынша авиация кадрларын даярлайды.
Тарихы Институт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 4 маусымдағы № 688 «Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиацияны Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына ауыстыру туралы» қаулысымен құралған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 10 шілдесі № 684 қаулысы негізінде Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиациясы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына атын ауыстырды.
Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған. 1998 жылдың 22 тамызында мемлекет Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы авиаторлардың – бірінші офицерлер бітіруіне қатысқан. Сол уақыттан бастап әскери оқу орнының қабырғаларында 1000-нан астам офицерлер дайындалған.