Әптиек– Құранның жеке алынған қысқа-қысқа сүрелері мен аяттарының жинағы. Құранда 114 сүре, 6225 аят бар. Өткен ғасырларда ауыл мектептерінде қолданылған сауат ашу кітабының атауы, әліппе. Әптиекке әріптер мен араб тілі грамматикасының бастапқы ереже-қағидалары енгізілген. Оқыту әдісі күрделі болғандықтан әптиекті түгел игеру өзге тілді шәкірттерге едәуір қиынға түсті. Оны тауысқандар Мұхтасар, Құран-кәрім тағы басқа кітаптарды тереңдеп оқуға кіріскен. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология Санат:дін