Арысқұм – Тұран ойпатының солтүстігіндегі құмды алқап.
Географиялық орны Сырдария ауданының солтүстігінде, Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысындағы Арыс көлінің қазаншұңқырында жайласқан.
Жер бедері Теңіз деңгейінен ең биік жері 170 м, ұзындығы 80 км, енді жері 55 км, ауданы 2,26 мың км2. Жер бедерінде ұзындығы 5 – 6 км болатын қырқалы құм төбелер кездеседі. Оңтүстігінде сусымалы құмды төбелер қалыптасқан.
Өсімдігі Құм төбелер мен қырқаларда сексеуіл, жусан, селеу, еркекшөп, көктем айларында эфемерлі өсімдіктер, ойпаңдау жерлерінде баялыш, бұйырғын, теріскен өседі. Құмды алқап қыста жергілікті мал жайылымына пайдаланылады.“Қазақ Энциклопедиясы”, I-том
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысы құмдары