Әлішер Сәтбаев (1949, Алматы қаласы). ҚазПТИ-ді бітірген (1971). Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстан Республикасының құрметті кен барлаушысы. 1971-1973 - КСРО әскери аға офицері. 1973-1996 - Қазақ ұлттық техникалық университетінің аға оқытушысы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан. 1996-1998 - ҚР геология министрлігінің бас басқармасының орынбасары. 1998 жылдан «Георид» ЖШС директоры. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. 70- тен астам ғылыми еңбектің авторы.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар