Ли́ндсей Ди Ло́хан ( , 2 шілде 1986 ж., Бронкс, Нью-Йорк, АҚШ) – американ киноактрисасы, әнші, модельер. Өзінің карьерасын үш жасында Ford Models компаниясында модель ретінде бастады. Кейін киноларға, көптеген жарнамаларға түскен. 10 жасында «Another World» («Басқа әлем») телехикаясында ойнаған. Фильмдерге түсіп жүріп, альбомдарында шығаруға үлгерген. Түскен фильмдері: «Another World» («Басқа Әлем») (1996), «Bette» («Бетт») (2000), «Mean Girls» («Жаман қыздар») (2004), «King of the Hill» (2004), «Just My Luck» (2006), «Georgia Rule» («Джорджияның ережелері») (2007), «I Know Who Killed Me» (2007), «Machete» («Мачете») (2010), т.б.
Дереккөздер
Санат:АҚШ модельдері Санат:Нью-Йорк тұлғалары