Creative Commons (common adjective (USUAL) - definition in British English Dictionary & Thesaurus - Cambridge Dictionary Onlinedefinition of common from Oxford Dictionaries Pro Common | Define Common at Dictionary.com, «commons» в переводных словарях — Яндекс.Словари – «криэ́йтив ко́мэнс»Произношения для слова commonsПроизношения для слова common) деп оқылады, қысқарған түрі - CC ([siːsiː] — «си-си») — тегін пайдаланатын келісім шарт үлгілерін жасайтын коммерциялық емес ұйым – еркін және еркін емес ашық лицензиялар, соның көмегімен авторлар мен құқық иегерлері өз туындыларын кең және еркін таратуына болады, ал контент тұтынушылары осы туындыларды мейлінше қарапайым әрі оңай пайдалана алады.

Creative Commons ұйымын 2001 жылы АҚШ-та Қоғамдық игіліктер Орталығының қолдауымен () Лоуренс Лессиг, Хэл Абельсон және Эрик Элдредтер негізін қалады. Creative Commons-тің мақсаты – еркін таратуға, пайдалануға қолжетімді туындылар санын арттыру және көбейту. Ұйым 2002 жылы тегін қолдануға бірнеше лицензияларды жасап шығарған және жариялаған. Солардың көмегімен авторлар, танымал Creative Commons лицензиясы сияқты, өз авторлық құқықтарын тиімді басқара алатын болды. Бұл лицензиялар жасаушы-авторларға олардың қандай құқықтан бас тартқылары келетінін (мысалы, автор өзінің жанкүйерлеріне өз туындыларын таратуға тиым салғысы келмейді – заң бойынша ондай тиым салу туынды жасаларда автоматты түрде іске қосылады), ал қандай құқықты өздерімен қалдыратынын хабарлауға мүмкіндік береді ( бұл көзқарас «some rights reserved» деп аталған — «кейбір құқықтар сақталған», қалыпты жағдайға қарама-қайшы «барлық құқықтар сақталған»).

Бұдан бұрынырақ еркін лицензиялар деп аталатын компьютерлік бағдарламалар мен техникалық құжаттарға арналған лицензиялар болған (бірақ Creative Commons-та еркін емес те лицензиялар пайда болды).

Creative Commons-тың жаңалығы - олар философ, бағдарлама жасаушы Ричард Столлманның идеясын пайдаланды. Лицензияға метамәліметтер қосып ақпаратты өңдеу үшін авторлық құқық туралы компьютермен және ойлап табылған жаңалықты қолдануды, заңгерлермен емес, жай қарапайым адамдармен, түсінікті белгілерімен «қысқаша түсініктеме» лицензия құрай, барынша қысқартуында. Creative Commons лицензиясы заңгерлік жағынан қарама-қарсы емес және ешбір жағдайда авторлық құқықпен күреспейді, бірақ іс-жүзінде көбірек либералды көзқарас жағынан қалыпты авторлық құқықтың шектелуіне және копирайтқа оппозиция сияқты бәсеке тудырады.

Creative Commons лицензиялары мәдениетте, білім беру саласында, ғылымда, билікте, мемлекеттік ұйымдарда, музыкалық бірлестіктерде және дыбыс жазушы компанияларда қолданыла бастады. Creative Commons лицензиясын интернет-жобаларда кең спектрде қолданды: мемлекеттік (Ресей Президентінің сайты, АҚШ Президентінің сайты), энциклопедиялық (Уикипедия), картографиялық (Wikimapia, OpenStreetMap), ғылыми рецензияланған журналдар сайты (Public Library of Science және тағы да басқа), фотосуреттер (Flickr), видео (YouTube), комикстер (xkcd), музыкалық (Jamendo) сайттар, сонымен қатар оффлайн жобалар. Бүкіл әлемде 2010 жылдың желтоқсанындағы есеп бойынша Creative Commons әртүрлі лицензиясы жағынан 400 миллионнан көп туынды таратқан (онымен қоса, еркін контенттің үлесі барлық уақытта өсіп отырады және 40%-ға жеткен)The Power of Open: over 400 million CC-licensed works, with increasing freedom — Creative Commons Metrics — CC Wiki. Лицензиялық контент бойынша іздеу Google арқылы жүзеге асадыПоиск по лицензированному контенту Creative Commons. Creative Commons лицензиясын қолданушыларға заңды түрде қолдануға болатын контент береді (мысалы, блоггерлер суретті орналастырарда бұдан кейін өздерінің авторлық құқықтарын бұзудың қажеті болмайды).

Мақсаты және ықпалдылығы Creative Commons-тың мақсаты — авторлық құқық ұстаушыларға кейбір құқықтарды өз қоғамдық туындыларына жалғастыруға мүмкіндік беру және сол мезгілде басқа да құқықтарды сақтап қалу. Негізінде қазіргі уақытта көптеген елдің авторлық құқық туралы заңдарына сәйкес мүліктік және мүліктік емес барлық құқықтар автоматты түрде авторға тиесілі болады.

Creative Commons кейбір қоғамдық құқықтарды, көптеген елдерде заңгерлік түрде заңдармен бекітілген, топтама дайын лицензиялар тәсілімен жалғастыру мүмкіндігін жасайды. Creative Commons «Reticulum Rex» (2003 жыл) ресми бейнеролигінде жобаның жоспары туралы айтылады – «Авторлық құқық туралы таласқа дұрыс ой үлесін қосу. Авторлық құқықтың серіктесі болу және қай ереже бойынша жүзеге асыруды талқылау. Авторларға, шабыт алуға мүмкіндік беретін еркін мәдениет кеңістігін құруға көмектесу». Сонымен қоса, онда «біздің философия мен жүйе құрылымында лицензия құрудың» жоспарлары бар екені туралы айтылады (нәтижесінде – лицензия бойынша іздеуде Google қолдайды және Yahoo! қолдаған), сонымен қатар «оқушы мен автор арасындағы, тыңдаушы мен композитордің, аудитория мен орындаушының, қоғам мен азаматтардың, мәдениет пен жаратушының арасындағы кедергіні бұзу, шығармашылықты қайта жандандыру және сіздің көмегіңізбен өсу, әрі мистер копирайт сияқты болу жоспарда. Creative Commons, копилефт-қозғалыстың алдыңғы шетінде тұрған, мейлінше бай қоғамдық игіліктерді құруды қолдауға ұмтылған, альтернативке авторлық құқықты «барлық құқық сақталған» деген ұстаныммен автоматты түрде мүмкіндік беретін, «кейбір құқықтар сақталған» деген атқа ие, ұйым ретінде түсіндірілген. Дэвид Берри мен Жиль Мосс Creative Commons-ты, зияткерлік меншікті сұрағына қызығушылық келтіретін және «жалпы меншіктің» «ақпаратты ғасырға» қайта мағыналау ретінде әсер еткізетін ұйым сияқты көрсетеді. Одан өзге, Creative Commons «жеке адамдар мен топтарға, тәжірибе жасағысы келетіндерге және мәдениетті неғұрлым еркін қолданамын деушілерге институтционалды, тәжірибелі және заңды қолдау көрсетуге мүмкіндік жасады».

Creative Commons, үстем болуға даму беталысын түзеген және неғұрлым көбірек шектеу қалыптаса бастаған «мәдениетке рұқсат етуге» қарсы тұруға жұмыс жасайды. Creative Commons-тың негізін қалаушы Лоуренс Лессигтің ұйғарымынша, бұл «мәдениет, авторлардың билік иелерінің рұқсатымен ғана құра бастайтын немесе авторлардың өткен өмірі». Лессигтің пайымдауынша, дәстүрлі таратушы контенттері өз монополияларын мәдени өнімдерге күшейтуге және қолдау көрсету үшін, атақты музыка мен кино сияқты, жаңаша мәдениеттен үстем болады және Creative Commons осы шектеулерге альтернативтер бере алады.

Creative Commons-тың негізін салушылар, зияткерлік меншіктердің құқықтық қорғаушы нысандарының кеңейтілуі (1998 жылғы заң бойынша авторлық құқықтың әсер ету мерзімін ұзарту 20 жыл) шығармашылық пен инновацияға кедергі келтіре алады деп сендіреді.

Автоматты қорғау ұстанымдарының зияны Creative Commons-тың «Get Creative» ресми видеосында авторлық құқық туралы заңдардың жаман жағына қарай өзгергені жөнінде айтылады. Бұрынырақ АҚШ-та авторлық құқықтарын қорғау үшін автор өз туындысына авторлық құқық қорғау белгісін қоюы міндетті болатын (АҚШ сияқты, РКФСР-да фотосуретке түсірушінің авторлық құқығы пайда болуы үшін өз фотосуреттерін қолдануда формалдылықты сақтау талап етілді – заң (негізі 1928 жылы, одан соң РКФСР АК) суреттердің әр данасында фирманың суреті немесе аты, белгі немесе фотосуретшінің аты-жөні, мекен-жайы болуын, сонымен қоса фотографиялық туындының жарыққа шыққан жылын көрсетуін талап етті ). Қарсы болған жағдайда авторлық құқықпен қорғалмады және қоғамдық игілікке өткізілді. Видеода: «Сіз, авторлық құқықтың жұмыс жасайтынын ескертіп, оны әлемге хабардар еттіңіз. Және бұл пайдалы жұмыс болды» - деп айтылады.

1989 жылы АҚШ Берн конвенциясына қосылды және туындылар автоматты түрде қорғалатын болды (ал КСРО-да 1992 жылы «КСРО мен республикалардың азаматтық заңдар негіздері» күшіне еніп, фотосуретшілер суреттерін қорғауға беру үшін ешқандай да формалдылықты қажет етпейтін ережелер үлгісі пайда болды ). «Сіз ғылыми мақаланы жазып, “сақтау” тетігін басқан мезгілде бекітпе сырт етіп жабылған сәттен бастап; сіз қағазға салынған елтірінің суретінен қаламсабыңызды көтергеннен сәттен бастап, сіздің туындыңыз, мистеркопирайттың басты немесе эпизоттық рөлде болған-болмағанына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады. Осылайша, кімнің нені ие болу-болмауын білуге мүмкіндігі болмай қалды... Жаңа ережелер, сіз өз туындыңызды белгілі мөлшерде пайдалануға рұқсат еткіңіз келетіні туралы, сіздің оны қалай хабарлауыңыз керектігі жайлы ештеңе айтпады». Видеода одан ары төмендегілер айтылады: егер сізге қандай да бір контентті қолданғыңыз келсе, онда заңгерлердің қызметін пайдалануыңызға тура келеді немесе құқықтық белгісіздікте боласыз. «Қорытындысында копирайт – жұмыссыз, ал делдалдар – жоқ». Мәселелерді шешу үшін Creative Commons лицензияларын пайдалану ұсынылады.

Тарихы Компьютер тарихының бастапқы кезеңінде бағдарламалардың негізгі кодтары барлығына белгілі болды және әрбір программист бағдарламаны өз қажетінше өзгертіп және қателерін өзгерте алатын мүмкіндігі болды. Кейін барлығы біртіндеп негізгі кодтарын жаба бастады. Бұнымен қатар бағдарламаларды заңсыз басып алу процесі жүріп отырды. Бұрын бағдарламалар авторлық құқықпен қорғалмай, кедергісіз тегін таратылған. Көп кешікпей, АҚШ-та қабылданған заңдардың күшімен бағдарламалардың авторлық құқықтары толықтай қорғалды, ал қолданушыларға енді оларды басқа тұлғалармен бөлісуге тиым салынды. Билл Гейтс те өзінің ашық хатында көрсетілген салымдарын копирайтқа енгізді. Мұның бәрі бағдарламашы әрі философ Ричард Столманның наразылығын тудырды. Ол, қолданушыға негізгі кодты көруге және оны қажет кезінде өзгертуге мүмкіндігін беретін, операциялық жүйе құру мақсатында 1983 жылы GNU жобасын жасады. Арада біраз уақыт өткен соң «еркін бағдарламалық қамтамасыз ету» деген жаңа атау ойлап шығарылды және Еркін бағдарламалық қамтамасыз ету қоры құрылды. 1985 жылы Ричард Столлман GNU жобасының мақсаттары мен міндеттерін баяндау мақсатында және еркін бағдарламалық қамтамасыз етудің қажет екендігін түсіндіру үшін GNU манифестін жариялады. 1986 жылы «Еркін бағдарламалық қамтамасыз етуді анықтау» деген мақала жарыққа шықты.

Ричард Столлман жабық бағдарламаны жақтаушыларға қарсы тұратын заңдық тәсіл ойлап шығарды. Ол құрал, 1989 жылы жарияланған және сол өзіне қарсы күресуде авторлық құқ туралы сәтті қолданыста жүрген заң, GNU GeneralPublicLicenseт.н.копилефтік еркін лицензиясы болды. Осы лицензиялардың арқасында бағдарламалар қолжетімді бола бастады. Кейін GPL өте танымал болып, көптеген жобаларда қолданыла бастады, бірақ ол бағдарламалармен бірге берілетін техникалық құжаттар үшін емес, тек бағдарламалармен бірге қолдану үшін ғана жазылды.

1998 жылы 14 шілдеде копилефті Open Content Licens шығарылды. 1999 жылы 8 шілдеде копилефті емес Open Content Licens шығарылды.

1999 жылы қыркүйекте мәтіндерге арналған копилефті лицензия GNU Free Documentation License қолжазбасысынң алғашқы түрі шықты. Бұл лицензия пайдаланушы нұсқаулығында, оқулықтарда және компьютерлік құжаттарда қолдануға арналған.

Енді мәтіндер де қолжетімді бола алады. Әсіресе, GNU Free Documentation License-ті Уикипедияда қолдана бастады. Бірақ, фотосурет, видео және дыбыстармен жұмыс істегенде мәселелер туындады. Сонымен қоса, кейбір сыншылардың пікірінше GFDL де, OPL де оларға қолжетімді болатындай шарттардан тұрды. Сонымен қатар, Creative Commons-тан айырмашылығы, GFDL контентті жалпылай таратуда көшірмесін «көрінетін» пішімде беруін талап етеді, мысалы, жабық емес немесе проприетарлы.

Creative Commons тарихы Коммерциялық емес Creative Commons ұйымы Қоғамдық игіліктер Орталығының (CenterforthePublicDomain) қолдауымен 2001 жылы құрылды. Кейін Creative Commons Стэнфорд (StanfordLawSchool) заң мектебінен қолдау тауып, ортақ қызметкерлері болғандықтан Stanford Law School Center Intenetand Society-ден күш алып отырды. Сонымен қоса Гарвард құқық мектебінің жанындағы Berkman Center for Internet &Society-дің стипендиаттары мен студенттері де көмектесті .

2002 жылдың маусымына қарай лицензияның тұжырымдамасы мен терминологиясы сайтқа ұсынылды .