Қуаныш Қабдолұлы Мәтжанов (17 шілде 1950 Кулагин ауылы, Индер ауданы Гурьев облысы) — қазақстандық геолог, мұнай және газ кен орындарын барлау саласының көрнекті маманы. «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы», «Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы», «Құрмет» орденінің иегері, 2024 жылғы «Қазақстанның үздік мұнайшы-геологы», «Еңбек сіңірген геолог».

Өмірбаяны Мәтжанов Қуаныш Қабдолұлы 1950 жылы 17 шілдеде Гурьев облысы (қазіргі Атырау облысы) Индер ауданының Кулагин ауылында дүниеге келген.

Білімі 1972 жылы Алматы қаласындағы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі ҚазҰТЗУ) мұнай факультетін тау-кен инженер-геолог мамандығы бойынша бітірген.

1980 жылы М. Әзизбеков атындағы Әзірбайжан мұнай және химия институтының өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолы 1972-1977 жылдары – «Қазмұнайгаз барлау» басқармасына қарасты Каспий маңы мұнай барлау экспедициясының» (ПНРЭ) геологиялық барлау партиясында техник, инженер, аға геолог жұмыс жасады (Гурьев қаласы).

1977-1980 жылдары – жылдан Орталық геологиялық іздестіру экспедициясында» (ЦГПЭ) геология бөлімінде аға геолог жұмысын атқарды.

1981-1983 жылдары – №3 геологиялық барлау партиясының бастығы.

1983-1984 жылдары – «Орталық геологиялық іздестіру экспедициясының» (ЦГПЭ) камералдық топтың аға геологы. Солтүстік Ақши және Жыланқабақ тұз күмбезі құрылымдар шегінде құрылымдық бұрғылаумен бірге жалпы тереңдік нүкте әдісін қолданып сейсмикалық барлау жұмыстары нәтижелері туралы есеп құрастырылып (Утеев Н, Маджанов Қ.Қ., Баранова М.С.). Осы есептің ұсынысы бойынша Г-1 ұңғымасы бұрғыланып, Кенбай мұнай кен орны ашылды.

1984-1991 жылдары – «Ұңғымаларды сынау бойынша Балықшы мұнай барлау экспедициясының» (БНГРЭИС) геологиялық бөлімінің бастығы.

1991-1993 жылдары – «Гурьевмұнайгазгеология» Өндірістік геологиялық бірлестіктің геология бөлімінің бастығы.

1993-1996 жылдары – «Ақбота» мемлекеттік холдинг компаниясының геология бөлімінің бастығы, геология жөніндегі вице-президенті.

1996-2003 жылдары – «Атыраумұнайгазгеология» АҚ геология жөніндегі вице-президенті.

2003-2007 жылдары – «Адай Петролеум Компани» ЖШС бас геологы.

2007-2010 жылдары – «Атыраумұнайгазгеология-Бурение» ЖШС бас директордың өндірістік және геологиялық барлау жөніндегі орынбасары.

2010-2012 жылдары – «Равнинное Ойл» ЖШС бас геологы.

2012-2020 жылдары – «Алға КаспийГаз» ЖШС директорының геология жөніндегі орынбасары.

Ғылыми және кәсіби еңбектері «Дәулеталы (1977), Құсанбай (1978), Атаманский Каменный (1979) алаңдарында жүргізілген құрылымдық барлау бұрғылау жұмыстарының нәтижелері бойынша (по результатам структурно-поискового бурения)» жазылған геологиялық есептердің авторы.

«Солтүстік Ақши және Жыланқабақ тұз күмбезі құрылымдар шегінде құрылымдық бұрғылаумен бірге жасалған сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы (1983)» бірлесіп жазылған есептің авторы.

«Каспий маңы ойпатының оңтүстігіндегі тұзүсті шөгінділердің мұнайгаз әлеуетін әрі қарайғы жүзеге асырудың нәтижелері мен бағыттары» атты мақаланың бірлескен авторы (2007).

«Көмірсутек жүйелерінің фазалық жағдайының болжамына байланысты Астрахань көтерілімінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі палеозой шөгінділерінің геологиялық құрылымы» атты мақаланың бірлескен авторы (2015).

Жеке өмірі мен отбасы Әкесі – Мәтжанов Кабдол (1927-2011), Индер ауданында халық ағарту саласында еңбек етті (Есбол, Елтай, Жарсуат, Индербор ауылдарындағы орта мектептердің директоры, Индер ауданында аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі). «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен», «КСРО ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» және т.б. мерекелік медалдармен марапатталған.

Анасы – Ырзина Зәріш (1929-2014), Индер ауданында ауылдық кітапханада жұмыс істеді. «Еңбек ардагері», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» және т.б. мерекелік медалдармен марапатталған.

Жұбайы – Роза Исағалиқызы Мәтжанова, медицина саласында еңбек етті.

Ұлдары – Жарас, Манас, Нұрлан. Келіндері – Маржан, Алтын, Дидар. Немерелері – Жалғас, Бақытгүл, Ерлан, Дария, Жазира, Раушан, Фарида, Айша, Халида, Дарын, Даниял, Хадиша.

Марапаттары Қ. Мәтжанов – «Қазақстандық Мұнайшы-геологтар Қоғам бірлестіктің» құрметті мүшесі, «Мұнай-газ кешенінің ардагері» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Мұнайгаз барлау саласының дамуына қосқан үлесі зорhttps://www.youtube.com/watch?v=zcy1bPXtakY. «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» (1996). «Қазақстан мұнайына 100 жыл» мерекелік медалі (1999). «Қазақстан Республикасының жер қойнауын барлаудың үздігі» (2003). «Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы» (2007). «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің «Құрмет грамотасы». «KAZENERGY» медалі (2019). «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медалі (2019). «Ембімұнайгаз АҚ-на 100 жыл» мерекелік медалі (2022). «Қазақстан мұнайына 125 жыл» мерекелік медалі (2024). «Құрмет» ордені (2024). 2024 жылғы «Қазақстанның үздік мұнайшы-геологы» https://kong.kz/events/luchshie-geologi. «Еңбек сіңірген геолог» (2025)https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/972818?ysclid=mgz2qi154l368983127.

Әдебиеттер Атырау: Энциклопедия. Алматы, 2000. ISBN 5-7667-9129-1 Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. Алматы, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2 Первооткрыватели месторождений нефти и газа Казахстана. ОО «Казахстанское Общество Нефтяников-Геологов» (КОНГ), Алматы, 2024. ISBN 978-601-7837-16-7

Дереккөздер

Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:КСРО мұнайшылары Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары Санат:Қазақстан мұнайына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан мұнайына 120 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан мұнайына 125 жыл медалінің иегерлері