Парабиоз ( — маңында, төңірегінде, bios — өмір) — 1) екі немесе бірнеше организмнің қан, лимфа тамырларындағы, организмдегі сұйық заттарды жасанды іркілдету арқылы оларда жалпы қан айналымын қалыптастыру тәсілі; 2) Тірі организмнің тітіркендіргіш әсеріне (тітіркенудің күші мен ұзақтығына қарай) қайтаратын сатылы жауаптың әлсіреуі. Парабиоз кезінде организмнің негізгі қасиеттері — қозғыштық, өткізгіштік жалпы қозу процесі қайтымды өзгеріске ұшырайды. Парабиоз ұғымы мен теориясын Н.Е.Введенский (1901 ж.) ашты. Парабиоз туралы ілім организмдегі қозу, тежелу процестерінің генетикалық бірлігін, қозғыштық пен өткізу арасындағы байланысты анықтады.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

Дереккөздер

Санат:Жантану Санат:Медицина