thumb|Валентина Куприяновна Куликова Валентина Куприяновна Куликова 1944 жылы 11 мамырда РКФСР Пермь облысының Шахтный кентінде туған. Орыс.

Әкесі - Куликов Куприян Павлович, марқұм. Анасы - Куликова Анна Ивановна, марқұм.

Шымкент педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетін бітірген (1975), ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

1960 жылдан - еңбек қызметін бастаған. 1993 жылдан -«Караван» АТВ президенті . 1995 жылдан - «Собкор» ЖШС - «Отырар-ТV» ТА президенті.

2003 жылдан бері - «Собкор» ЖШС - «Отырар-ТV» ТА директоры, «Редакция «РАБАТа» ЖШС директоры.

Қазақстан Ұлттық телерадио хабаршылар қауымдастығының президенті, облыстық отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия мүшесі.

«Құрмет» орденімен (2003); «Еңбек ардагері» (1985), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. Шымкент қаласының Құрметті азаматы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:11 мамырда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Пермь облысында туғандар Санат:Халықаралық қазақ-түрік университеті түлектері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Шымкенттің құрметті азаматтары