Ертай Рахымжанұлы Асайынов (15.06.1946, Қарағанды облысы Қу ауданы, Арқалық кеңшары) - «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры.

Білімі Қарағанды мемлекеттік университетін (1976) «Тарих» мамандығы бойынша; Алматы энергетикапық институтын (қазіргі Алматы энергетика және байланыс университеті, 1993) «Экономика және байланысты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 1963 жылдан - Көкшетау облысы Біржан сал ауданы «Советский» кеңшарының «Политехник» бөлімшесінің қойшысы. 1964 жылдан - «Саранкөмір» тресінің №107 шахтасының жер асты жолбасшысы; «Қарағандыкөмір» комбинаты (ҚазКСР көмір өнеркәсібі басқармасы болып қайта құрылған) «Ленинкөмір» тресінің №23 шахтасының жерасты жолбасшысы, жер астына ағаш тасушысы. 1966 жылдан - Қарағанды дене шынықтыру және спорт техникумында оқыған. 1969 жылдан - «Қайрат» ерікті селолық спорт қоғамы Қарағанды облыстық кеңесі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1970 жылдан - Қарағанды дене шынықтыру және спорт техникумының спорттық ойындар жөніндегі оқытушысы. 1972 жылдың ақпанынан - «Қайрат» ЕССҚ Қарағанды облыстық кеңесі оқу-спорт бөлімінің меңгерушісі. 1972 жылдың қазанынан - Саран №35 ҚКТУ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 1978 жылдан Сарань №95 ҚКТУ директоры. 1981 жылдан - Қазақ Компартиясы Сарань қалалық комитеті үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі. 1983 жылдан - Қарағанды өндірістік-техникалық байланыс басқармасы агенттігінің бастығы. 1986 жылдан - «Қарағанды» өндірістік-техникалық байланыс басқармасының тарату қызметінің бастығы, 1989 жылдың кәсіподақ терағасы, 1989 жылдың шілдесінен - пошта байланысы жөніндегі орынбасары. 1991 - Қарағанды облыстық байланыс директорының пошта байланысы жөніндегі орынбасары 1993 жылдан бері - Қарағанды облыстық мемлекетгік байланысы қызметінің бастығы, еншілес республикалық пошта байланысы кәсіпорнының Қарағанды облыстық бөлімшесінің директоры, «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық бөлімшесінің директоры.

Марапаттары «Құрмет» (2010) орденімен; «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Ерен еңбегі ушін» (2004) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалдары. Құрметті байланысшы (2002).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:15 маусымда туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Қазпошта тұлғалары Санат:Қарқаралы ауданында туғандар Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Алматы энергетика және байланыс университеті түлектері Санат:Қарағанды дене шынықтыру және спорт техникумы түлектері Санат:Қарағанды дене шынықтыру және спорт техникумы оқытушылары Санат:Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстанның құрметті байланысшылары