Мұхаметжан Ахмедияұлы Пақырдінов — 1950 жылы 23 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бірлік кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Пақырдінов Ахмедия, марқұм, аудандық өнеркәсіптік комбинаттың директоры, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. Анасы - Ілиясова Әсия, зейнеткер, тігінші болған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1973), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қылмыстық іс жүргізуде тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципін қамтамасыз ету». «Қылмыскерден қалай қорғануға болады» атты кітаптың, сондай-ақ 11 мақаланың авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1973 жылдан - Алматы қаласының Фрунзе аудандық прокуратурасында тергеуші қызметіне сынақ мерзімінен өтуші, тергеуші, аға тергеуші. 1977 жылдан - Алматы қалалық сотының судьясы. 1981 жылдан - ҚазКСР Жоғарғы Сотының судьясы. 1985 жылдан - Апматы қаласының Октябрь аудандық заңгерлік кеңестің меңгерушісі. 1986 жылдан - Жамбыл қаласының Орталық аудандық прокурорының орынбасары. 1989 жылдан -Жамбыл қаласының Зауыттық аудандық прокурорының орынбасары. 1990 жылдан - Алматы қаласы Совет аудандық прокурорының орынбасары. 1992 жылдың қаңтар айынан - Алматы қалалық прокуратурасында жалпы қадағалау бөлімінің бастығы. 1992 жылдың сәуір айынан - Апматы облысының Талғар аудандық прокуроры. 1996 жылдан - Алматы облыстық прокурорының орынбасары. 1997 жылдан - Апматы қалалық прокурорының орынбасары. 1998 жылдан - БҚО прокуроры. 2000 жылдан - ШҚО прокуроры. 2001 жылдан - Жамбыл облысының прокуроры. 2003 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2004 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық басқармасында сот жүйесінің мәселелері жөніндегі бөлімнің меңгерушісі. 2004 жылдың желтоқсан айынан - Қарағанды облыстық сотының төрағасы. 2009 жылдың желтоқсан айынан бері - Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. ҚР әділет біліктілік алқасының төрағасы (2003-2004). «Құрмет» орденімен (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне Южыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтой медальдарымен марапатталған. ҚР прокуратура органдарының Құрметті қызметкері. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының құрметті азаматы. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Лайықты тұлғалар көп, сол себепті ешкімді бөліп атағым келмейді». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Нарықтық экономикалы қарқынды дамыған ел». Хоббиі - үстел теннисі, балық аулау, бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Тұрсынқұлова Седеп Тойшыбайқызы, үй шаруасымен айналысады. Ұлдары - Ғалымжан (1973 жылы туған), Бауыржан (1975 жылы туған), Нұржан (1979 жылы туған). Немерелері - Қадижан (1998 жылы туған), Жанерке (2002 жылы туған), Жәңгір (2005 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар