Халькантит — CuSО4 • 5Н2О. Грекше халькос — мыстың гүлі деген сөз. Қазақша аты көк тотияйын. Қаттылығы 2,5, меншікті салмағы 2,1—2,3. Жымдастығы (110) бойынша ете жақсы білінеді. Түсі ашық көк, шыныдай жылтырайды. Суға жақсы ериді, аздаған тіл қуыратын ашқылтым дәмі бар. Сингониясы триклиндік.

Оптикалық солақай, 2u = 56°, Ng = 1,546, Nт = 1,539, Np = 1,516.

Кристалдары әдемі, тақташа жұқ а келеді. Көбінесе тұтас кесек немесе сталактит формалас болады.

Жаратылысы. Халькантит мыс кендерінің тотыққан бетінде құрғақ климат жағдайында пайда болады. Халькантит табиғатта сирек кездеседі. Сондықтан оны қолдан жасайды. Ол химиялық өндірісте бояу жасауға, кейбір зиянды жәндіктермен күрес жүргізуде т. б. қолданылады. Халькантит кені мыс сульфид кендерінде кездеседі.Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69

Дереккөздер

Санат:Мыс минералдары Санат:Сульфат минералдар