Люксометр – жарықтылықты өлшеуге арналған оптикалық құрал.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. ISBN 9965-808-90-2

Жұмыста жарықтылықты өлшеу үшін люксметр аспабы қолданылады. Люксметрдің жұмыс істеу принципі ішкі фотоэлектрлік эффектінің құбылысына – жарықтың әсерінен (фотоөткізгіштік) диэлектриктердің немесе жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігін арттыруға негізделген. Люксметр өлшегіш құрал мен саптаулары бар жеке селенді фотоэлементтен тұрады. Селеннің жарыққа сезімтал қабатына түсетін жарық әсерінен (электромагниттік сәулелену кванттары) фотоэлементтің тізбегі мен онымен қосылған гальванометрде фотоағын туындайды, оның мәні фотоэлементке түсетін (фотоэлемент бетінің жарықтылығы) жарық ағынына пропорционал.Пайда болатын фотоағын шкаласы жарықтылық бірлігімен (люкспен) градуирленген гальванометрдің бағыттауышын ауытқытады.

Дереккөздер

Санат:Физика