thumb|right|Шара Жиенқұлова Бұрынғы атауы Д.фурманов көшесі. Ш.Жиенқұлова көшесі И.Панфилов пен М.Лермонтов көшелерінің қиылысқан жерінен басталып, Б.Бейсекбаев көшесінде аяқталады. Күлтегін, Абыралы, Л.Толстой қысқа көшелерімен және Ә.Сембинов көшесін қиып өтеді. Ұзындығы - 1727,7 м.

Шара Жиенқұлова (1912-1991) - белгілі биші, педагог. Қазақстанның халық әртісі. Тұңғыш ойнаған рөлі - Б.Майлиннің «Майдан» пьесасындағы - Пүліш. Бүдан кейін Еңлік, Қаракөз (М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөзінде»), т.б. рөлдерді сомдады. 1966-75 жылдары Алматы хореография училищесінің директоры болды. Осы жылдары ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халықтың әдет-ғүрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді. Соның нәтижесінде «Тәттімбет», «Айжан қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» билері дүниеге келді.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері