Гүлнар Өкісханқызы Мұхаметқалиева (5.1.1962 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1995).

1980—1985 ж. Алматы педагогикалық шет тілдері институтын бітірген. 1985—1988 ж. орта мектепте неміс тілі мұғалімі. 1994 ж. аспирантураны бітірді. Сол жылдан қазірге дейін Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің неміс және француз тілдері теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы.

1995 ж. профессор Т. Қ. Қоңыровтың жетекшілігімен "Тұрақты эпитеттің тілдік табиғаты" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Шығармалары: Тұрақты эпитеттің тілдік табиғаты. АКД., А., 1995.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Дереккөздер

Санат:5 қаңтарда туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Зайсан ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті оқытушылары