Мүдіру. Тілімізде кейде бұл сөз — тоқтау, бөгелу, кідіру немесе сөзден тосылу сияқты ауыспалы мағынада қолданылады. «Жасырынған жау кім?—деген сұраққа мүдіріп, жауап таба алмады» (К. Тоқаев, Көмескі.).

Басқа түркі тілдерінде бұл сөз езінің алғашқы мағынасында ғана қолданылады: қырғызша — мүдүрүл, якут тілінде — мүдүрүй тұлғалы сөздер біздегі «сүріну» мағынасында қолданылады. Осыған сәйкес қалмақ тіліндегі «бүдрх», монғолдардағы «будрэх» сияқты сөздер де қазақ тіліндегі «сүріну» мағынасының орнына жұмсалады.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6

Дереккөздер

Санат:Лингвистика