Қауесет. Алып қашты сөз, өсек-аяң, өтірік деп ұғындырады, қазіргі түсіндірме сөздікте. «Жылан ордасын көрген бақытсыздыққа ұшырайды» деген қауесет бекер» (Қ. Қайымов, Қызықты зоология). Сөз төркіні парсы тілінен. Оларда: «һоу» тұлғалы сөз «сыбыс», «ұзын құлақ хабар» мағыналарында кездеседі. Біріккен сөздің екіншісі «һичид» бұл тілде — естілу дегенге мезгейді. Екі сөздің тіркеуі «һоу һичид» тұлғасын құрастырып, қазақ тіліне ауысқаннан кейін (һау ичид>һау ечид>қауесид>қауесет) дыбыстық құрамына дейін өзгеріске түсіп, мағынасы «сыбыс естілу» немесе «хабар естілу» болып қалыптасқан. «һау» сөзінің араб тілінде де кездесетінін мына төмендегі «қаулы» сөзінің төркінін іздестіруде сөз болмақ. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6

Дереккөздер