Сайдауыт. Қазіргі тілімізде бұл сөзге -тай жұрнағы жалғанып «сайдауыттай» қалпында да кездеседі. Түсіндірме сөздік «сайдауыт» мағынасын — сайдақ ірік; сайдауыл сөздерімен ұғындырады.
«Еркінбектің. соңында толып жатқан сайдауыт жігіттер бар» (Б. Майлин, Шығ.).
Бұл жерде «Түсіндірме сөздіктің» түсінік беруінде кездескен «сайдақ», «сайдауыл» сөздерінің мағынасы да—«таңдаулы», «ығай мен сығай» түлғаларымен синонимдес.
«Сайдауыт» төркініне дұрыс топшылау жасай алсақ, қалғандары (сайдақ, сайдауыл) сонымен байланысты. «Сайдауыт» сөзінің төркініне жол сілтерлік тұлғаны қырғыз тілінен табамыз. Ол тілде «шайдоот» сөзінің өте ертеден келе жатқандығы және мағынасы — үстіне жүк аз салынып және ең алдында жүріп отыратын жүк артатын мал деп түсіндіріледі. Осы сәздің екінші мағынасы — ширақ, шапшаң, сергек. Әдетте, керуенді бастап жүретін малдың мықты, ширақ әрі жол ыңғайын білетіндігін түсіндіріп жату артық. Бір сөзбен айтқанда, сом денелі, шымыр, дене мүшелері жетілген мал. Бүл ойымызды тағы бір түркі тілінің дерегі қуаттайды. Якуттарда біздің тіліміздегі «нығайған», «жетілген» деген мағыналарды «сайдыылах» тұлғалы сез бере алады. Түркі тілдеріндегі дыбыстар сәйкестігін еске алсақ, мына сөздің қырғыздардағы «шайдоот», біздегі «сайдауыт» түлғасынан алшақ кетпегені көрініп түр.
Одан әрі талдай түссек, «шайдоот», «сайдауыт» сөздері екі түбірден біріккен деп топшылауға тура келеді. Топшылау тағы да тілдік дерекке негізделеді. Қырғыз тілінде «шай» сөзінің бір мағынасы — күшті, мықты. Мұның қазақ тілінде «сай» дыбыстық құрамында көрінуі — тіл заңдылығы. Екінші түбірді түркі тілдерімен ертеден тектес, туыстас саналатын моңғол тобындағы тілдерден ұшыратамыз. моңғол тілінде — давуу, қалмақтарда — давлһи қалпындағы сөздер «басым, артық» мағыналарында қолданылады. Әсіресе, қалмақ тіліндегі «давлһи» түлғасы «сай» түбірімен біріккенде, жоғарыда керсетілген, «сайдауыл» сезінен ерекшелігі жоқтың қасы. Бірде «сайдауыл», кейде «сайдауыт» түрінде кездесуі — тіліміздегі дыбыс сәйкестіктерінің нәтижесі. Қазіргі түсінігімізде бұл сөздердің мағынасы —«күші басым» дегенмен бірдей. «Сайдауыт» соңындағы -тай жұрнағының пайда болуын да дәлелдеу қиынға соқпайды. Басқа бір жан иелерінің, оның ішінде адамның да шымыр, ептілігін бейнелеп көрсету үшін «шайдоот» сөзіне -дай қосылып, ол біздің тілімізде «сайдауыттай» болып қалыптасқан. Мүндай үқсату тілімізде ете ертеден келе жатқан құбылыс. Бір ғана мысал, М. Қашқари сөздігінде біздегі қазір қолданылып жүрген «жылқы» сөзінің орнына «йунд» тұлғасы қолданылған. Осыған -тай жүрнағы қосылуы нәтижесінде, түпкі мағынасы кез келген адамға түсінікті бола бермейтін, «жүнттай» сөзі қалыптасқан. Мұның негізгі мақсаты — басқа хайуанды жылқы мүшесінің сұлулығына теңеу.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Дереккөздер