Стратиграфиялық бөлімшелерді олардың категориялары мен рангтеріне қарай жүйелеу. Мұндай жүйелеу аталған бөлімшелердің даралану ұстанымына, олардың құрамына, бір-біріне бағыныштылығына, көлеміне, географиялық таралу ауқымына тығыз байланысты жүргізіледі, сол сияқты оларды геологиялық уақыт тұрғысынан дараланған бірліктерге, яғни жержылнамалық шкала бірліктеріне сәйкестіру мәселесіне де баса назар аударылады.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ