Кұрманғазы көшесі Николай Гоголь көшесінен басталып, Көктомар орамымен қиылысады. Ұзындығы - 928,5 м.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1889) - ұлы күйші-композитор, дүлдүл домбырашы. 70-тен аса күй қалдырған. «Ақбай», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», т.б. антропологиялық атауларға құрылған күйлері бар. Композитордың «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың», т.б. ғүмырбаяндық күйлері оның патша үкіметі, билік иелері тарапынан қуғын-сүргін көргенінің куәсі іспетті. Астана көшелері. Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері