Ақжарық — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, Қызыларай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Орталық Қазақстанның ең биік тауы Ақсораңның (1565м) етегінде, аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 46 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы Іргесі ұжымдастыру кезеңінде 1926 жылы құрылған. Округ аумағында 1930-1940 жылдары «Мәдениет», «Жұмыскер», «Кеңасу», «Үміт», «Бесата», «Қалмақбас» ұжымшарлары ұйымдастырылған. 1950-1990 жылдары «Қызыларай» кеңшарының және ауылдық кеңесінің орталығы. Округ аумағында Қарасиыр кен орны болған. Кеңасу, Тесіктас таулары, Мамай асуы, мәдени мұралар - балбал тастар бар. Шаруашылықтың мамандырылған негізгі бағыттары — қой шаруашылығы, қосымша саласы — егін шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы — 256,0 мың га.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1025 696 438 62,9 368 233 63,3 328 205 62,5
Инфрақұрылымы Мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кітапхана және басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Кеңшар негізінде 57 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Балқаш темір жол стансасы 270 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері