Бұрынғы атауы Н.Чернышевский көшесі. Жерұйық көшесі Александр Герцен көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. Ойжайлау, Әулие ата, Өрнек, Шәңгерей Бөкеев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 2383,6 м.
Жерұйық - жайлы қоныс, бейбіт мекен. Жерұйық - қазақ ауыз әдебиетінде Асанқайғы атына байланысты аңызда айтылатын жер аты. Онда Асанқайғы аңдыған жауы жоқ, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» халыққа тыныш, бейбіт мекен іздейді.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері