Эвакуация (лат. evacuatіon – босату, evacu – босатамын):

1) әскерлердің маневрлілігі мен тез жылжуын қамтамасыз ету мақсатында соғыс қимылы жүріп жатқан жерден тұтқындарды, халықты, бұзылған және артық мүлікті, олжаларды, әр түрлі бағалы заттарды тылға көшіру; 2) соғыс немесе саяси себептерге яки келісімдер мен шарттарға байланысты әскерлерді алдын ала орналасқан аудандарынан шығару; 3) дұшпан шабуылының қауіп төнгізіп тұрған немесе табиғат апатына (су тасу, таудан тас, қар құлау) ұшыраған жерлерден тұрғын халықты, кәсіпорындарды, мекемелерді, мәдени және құнды заттарды, жергілікті мүлікті алып шығу; 4) медициналық Эвакуация, яғни жаралыларды, ауруларды соғыс қимылы жүріп жатқан ұрыс даласынан тылдағы емдеу мекемелеріне ұйымдасқан түрде тасымалдау, көшіру; 5) су электр станциялары мен ірі су қоймалары салынғанда сол аумақтағы елді көшіру.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

Дереккөздер

Санат:Қоғам