Тарлан орамы (Астана) - бұрынғы атауы №25 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Тарлан орамы Дауылпаз көшесінен басталып, Балталы көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 285,8 м.
Тарлан - астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Тобыл, Есіл өзендерінің бойында, Алтай, Тарбағатай, Жетісу, Іле, Күнгей Алатауының бөктерінде, қарағайлы шоқ ормандарда, далалық аймақтарда өседі.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері