Сейітов Асылбек атындағы көше. Көшеге белгілі қоғам қайраткері, дәрігер Асылбек Жұманұлы Сейітовтің (1894-1937) есімі (Алматы қаласы мәслихаттың 24.12.2003 №26 шешімі мен Алматы қаласы әкімшілігінің 26.12.2003 Ма 5/764 қаулысы) берілген.Көше Әуезов ауданының «Таугүл-3» шағынауданында орналасқан. Мырзағалиев көшесінен басталып, Әділов көшесіне дейінгі аралықта созылып жатыр. Көшенің ұзындығы - 218 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 нобай

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері